«Қазақстанда жасалған»брендімен шығарылатын өнім өндірісін одан әрі ұлғайту керек. Ол үшін экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау қажет. Бұл туралы бүгін Алматы облысының 6 айдағы әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері жөніндегі жиында айтылды. Облыс әкімі сондай-ақ инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстарды атап өтті. Бүгінде өңірде өз бизнес – жобасын дамытқысы келетін бірнеше ірі компания бар. Алайда, істі бастауға инфрақұрылым жоқ. Ұйымдастыру кемшін.