Қайырымдылық игілікті іс. Жетісу облысында 41 жалғызбасты анаға 50 мың теңгелік сертификат табысталды. Мұндай көмекті алғандар қатарында Талдықорған, Үштебе мен Текелі қаласының тұрғындары бар. Шара Қазақстанның «Қызыл Ай» қоғамы бастамасымен, Кимберли Кларк компаниясының қолдауымен өтті.