Жетісу облысында «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды. Аясында бүгінге дейін 10 жобаның тұсауы кесілді. Нәтижесінде 100-ден астам адамның екі қолға бір күрек табуына мүмкіндік туды. Солардың бірі өлкедегі «Жігер» тігін шеберханасы.