Кір көтеру спортынан 6 мәрте әлем чемпионы Жұмахан Күзбаев дүниежүзілік біріншілікке дайындықты бастады. Жаһандық дода ардагерлер арасында Үндістанда күзде жалауын желбіретеді. Жерлесіміз әлемдік аренада барымды салам деп отыр. Айта кетейік Жұмахан Күзбаев екі мәрте әлем рекортын жаңартқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.