Өңірге Оңтүстік Кореяның білгір дәрігерлері келді. Бүгін Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында шетелдік медицина қызметкерлері тұрғындарды қабылдады. Онда Жетісулықтар отбасылық дәрігерлер мен сирек кездесетін білікті мамандардың кеңесін алды. Тегін қызмет түрі 9 -шы тамызға дейін жалғасын таппақ.