Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылып, 35-36 аптаға дейін созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде өткен жиында айтылды. 2022-2023 оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда – 36 оқу аптасы болып бекітілді. Ал жазғы демалыс 1ші маусымнан қыркүйектің біріне дейін жалғасады.