Жоба «open-top» жүйесі бойынша өнім тиеуге арналған ірі логистикалық парк құруға бағытталып отыр. Максим Матюктің ақпарынша: жоба шекарадағы жүк тасымалының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге жол ашпақ. Екі ел арасындағы транзиттік лекті одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Аясында 225 жұмыс орны ашылады. Өз кезегінде облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы құрылыс жұмысына дайындық кезеңін мүмкіндігінше тездету қажеттігін айтты.