Ештен кеш жақсы. Үлкен жолдан жырақ қалған Мұқырыда үлкен жаңалық. Бүгін ауылға алғаш рет табиғи газ берілді. Елді мекен көшелеріне газ желілері жүргізілгелі біраз уақыт болған Тек, көгілдір отын берілуі түрлі себептермен кешеуілдеп тұрған. Бұл проблеманы тұрғындар Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен алғашқы кездесуде көтерген еді. Әкім бірден назарға алды. Көп ұзамай мәселе оң шешімін тапты