ҚР шекара қызметіне 30 жыл. Осы орайда қаламыздың арадагер шекарашылары орталық саябақта айтулы мерекені атап өтті. Салтанатты шараға ел тыныштығын күзеткен ардагерлер мен шекарашылар қатысты. Олар осы қызметте ел үшін қаза тапқан шекарашы жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, әскери-жауынгерлік қызметтегі табысы үшін бірқатар қызметші марапатталды. Көзі қырағы сарбаздар әрдайым шекара қауіпсіздігін қадағалайды. Олардың еңбегі өлшеусіз – дейді шараға қатысқандар.