Біздің үйге газ кірді! 2018-2022 жылдар аралығында Қонаев қаласында төрт жарым мыңға жуық тұтынушы газбен қамтамасыз етілді. Бұл осыдан тура он жыл бұрын құрылған «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС көрсеткіштері. Осы уақыт ішінде компания өзін газ саласында сенімді жеткізуші ретінде танытты, тіпті Арна, Заречное, Жетіген ауылдары мен Қонаев қаласының тұрғындары арасында танымалды.