Ахмет Байтұрсынұлы және жетісулық алаш арыстары. Осындай тақырыппен Алматы қаласындағы облыстық кітапханада ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Игі шараны Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бас болып ұйымдастырған. Басқосу аясында белгілі алаш танушы жас ғалым Елдос Тоқтарбайдың қос бірдей зерттеу еңбегінің тұсауы кесілді.