Болмыс – бітімі қайнар бұлақ іспетті. Бар білім-білігін, қайрат- жігерін Жетісу өңірінің дамуына арнаған тұлға. Бүгін «Қайнар АКБ» серіктестігінің басқарма төрағасы, Алматы облысының құрметті азаматы Әжмағамбетов Қуаныш Мәдиұлы мерейлі 75 жасқа толды. Саналы ғұмырын өндірісте өткізген ел ағасы мерейлі күнін де зауыт ұжымымен атап өтті.