Алматыда «NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы басталды. Шара еліміздің транзиттік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Алқалы басқосуға 14 елден 350-ден астам делегат қатысып жатыр. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік салалық министрлік басшылары, жетекші көлік және тасымалдау саласындағы компания өкілдері мен сарапшылар бар.