Жыл соңында Алакөл ауданында 100 пәтерлі көп қабатты үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Талдықорған-Үшарал бағытындағы республикалық тасжолдың қалған 15-шақырымына қара төсеніш төсеу жоспарланған. Бұл жайында Жетісу облысының әкімі Алакөл өңірінің халқымен кездескенде белгілі болды. Бейбіт Исабаев жиын барысында жергілікті халықтың толғандырған мәселесін тыңдады. Талқылап, шешімін айтты.