Алматы облысында бокстан жастар арасындағы чемпионаты қорытындыланды. Жарыс Ұзынағаш ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Оған өңірдің әр түкпірінен жүзден астам спортшы қатысты. Олар бес күн бойы қолғап түйістіріп, облыс құрамасына іріктелді.