Қазан айының 20 күні волейболдан еліміздің ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстанның кубогы үшін жарыс басталады. Ал қарашада ел чемпионаты жалауын желбіретеді. Республика біріншілігінде Жетісу облысының намысын 2 команда қорғайды. Бірі еліміздің 8 мәрте чемпионы Жетісу болса, екіншісі дені жастардан құралған Айқаракөз ұжымы. Жаңа маусым алдында Жетісу облысының әкімі команда ойыншыларымен кездесті.