Қартын құрметтеген елдің ертеңі жарқын. Талдықорғандағы Достық үйінде егде жастағы аға буынға құрмет көрсетілді. Қарттар күніндегі мерекеге этномәдени бірлестіктердің ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен ардагерлер қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ауызбірлігін көрсетті.