Жазушы, публицист Кемел Тоқаевтың туғанына биыл 99 жыл. Бүгін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында арнайы жиын өтті. Бұл – 100 жылдық мерейтой қарсаңындағы шара. Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастырған кеште сала өкілдері мен Кемелтанушы Бақтығали Айжігітов қатысты.