Талдықорғандағы орталық айналма жолдан Жансүгіров көшесінің басталған тұсында күніне 40-тан аса жол ережесі бұзылады. 9 күн ішінде айып пұл саны 12 млн теңгеден асып кеткен. Бұл жайында бүгін қалалық мәслихат депутаттарымен құқық қорғау органның қызметкерлері арасында өткен жиында жарияланды. Сонымен қатар Жетісудың бас шаһарында жедел жәрдем көлігімен автобус жүргізушілеріне қатысты мәселелерде қаралды.