Жетісу — Отандық қант өндірісінің ірі орталығына айналады. Бүгін Талдықорғанда облыс жұртшылығымен кездескен Қасым — Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент аймақты дамытудың 5 бағытын айқындап берді. Ол: ауылшаруашылықты, өнеркәсіпті дамыту. Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы мен автокөлік инфрақұрылымын жаңғырту. Әлеуметтік саланы жақсарту. Туризм мен экологияны жаңа сатыға көтеру.