Ауыл медицинасын дамыту – ұлт саулығы кепілі. Бүгін жоғарыда айтқанымыздай, Ескелді ауданындағы үш бірдей ауылда медициналық пункттер ел қолданысына өтті. Құрылыс заманауи: блокті модульдік кешендер. Абай, Қоржынбай, Теректі ауылдарының тұрғындары енді бас ауырып, балтыр сыздаса, ауданға сабылмайтын болды.