25 қазан — Қазақ шаңырағы шаттыққа бөленіп, ұлттығымыз ұлықталған мереке. Береке бірлігіміз бен тірлігіміздің көрінісінің белгісі ретінде Қонаевта Республика күнін тойлау таң азаннан жәрмеңкемен басталды. Алматы облысының орталығында ауылшаруашылық тауар өндірушілер тұтынушы талғамына қарай азық-түліктің 40-тан аса түрін әкеліпті. Бұл облыс орталығы болғалы ұйымдастырылған алғашқы ауқымды жәрмеңке.