Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылында Волейболдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өтті. Оған еліміздің бірқатар өңірінен 8 команда қатысты. Шара бұқарлық спорттың дамуына өзіндік үлес қосқан Нұрмат, Қонысбай, Қуаныш Қыстаубаевтарды еске алуға арналып отыр.