Алматы облысы жастары назарына! Баспаналы болудың «Алатау жастары» пилоттық жобасы іске қосылды. 1 қарашадан бастап құжаттарды қабылдау басталды. Баспаналы болудың жаңа бағдарламасы жайында Қонаев қаласында баспасөз жиыны өтті. Мамандар жастарға кеңінен ақпарат беріп, көкейтесті сауалдарына жауап берді.