«Отан сүйгіштік – ұлттық рухтың асқақ белгісі». Бүгін Қонаевта осы атаумен облыстық әскери-патриоттық форум өтті. Мұнда әр саланың озық өкілдері жиылды. Сондай-ақ облыстағы «Жас сарбаз» қозғалыс мүшелері, әскери клубтар мен кадет сынып оқушылары қатысты.