Президент сайлауында дауыс беру үрдісінің заңдылығын партиялық емес бақылау орталығы да қадағалайтын болады. Республикалық қоғамдық бірлестіктің өңірлік филиалдарында жұмыс қызу. Сайлауалды дайындық шараларын үйлестіруде. Бүгін Жетісу облыстық филиалының басшысы Жанат Төлемісова Журналистер үйінде тілші қауым сұрақтарына жауап берді.