Алматы облысында сайлау күнінде 56 сәби дүние есігін ашты

0
80

Алматы облысында сайлау күнінде 56 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хабарлады. Оның 3-уі облыс орталығы Қонаевта босанған. Солардың бірі – Үміт Меженина. Қала тұрғыны еліміздегі кезектен тыс Президенттік сайлау күнінде екінші рет ана атанып, жаңа статусты иеленді. Өмірге шекесі торсықтай ұл әкелді. Қазір денсаулығы жақсы. Акушер-гинекологтың мәліметінше, перзентханада жатқан жас аналар да дауыс берді. Сондай-ақ, ақ халаттылар да бұл саяси науқаннан тыс қалған жоқ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here