Ескелділік тұрғындар да сайлауға бір адамдай ат салысты. Қарабұлақ ауылы Мәдениет үйінде орналасқан №253 сайлау учаскесіне таң атқаннан келгендер саны көп болды. 1628 адам тіркеуде. Таңғы 7 де басталған науқанға түскі уақытқа дейін 5/1 і келіп, дауыс беріп үлгерген. Комиссия мүшелерінің атқарғанған жұмыстарының нәтижесінде әділетті және заңды өтуде дейді төрағасы. Сондай ақ, ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен зейнеткер, алғаш дауыс берген және сәбимен келген 20 отбасыға сыйлықтар табысталды. Көңіл бөліп, бірге келген балаларын құр қол қайтармағандарына ата аналар риза.