Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткізіліп жатқан жетінші президенттік сайлау және 1999 жылдан бері қатарынан алтыншы рет кезектен тыс ұйымдастырылуда. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары да дауыс беруге асық. Таңғы сағат 7-і. Жалпы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 112 сайлау участкесі өз есігін айқара ашты.