Ғасыр соққан жүректер. Бүгін Жетісу облысы бойынша жасы 100 ден асқан 17 кейуана дауыс берді. Бірі – Сарқандық Алтынхан Белдеубайқызы. Жүзінде жүз жыл тарихтың ізі бар әжейге саясаттың қажеті шамалы. Дауысын балалары есептетсе де, ұрпаққа ақ батасын өзі беріп отыр. Елі аман, жұрты тыныш болғанн қалайды. Жалпы, Ақсу-Сарқан өңірінде халық саяси сауатты, әрі аса белсенді. Қатар жатқан қосу аудан жұртшылығы бұл сайлауда да береке-бірлік, ұйымшылдық танытты.