Заманына қарай амалы… 10 жыл құлдықта жүрген Қараталдық жұмысшы әлеуметтік желі арқылы көптен көмек сұрады. Шаруа қожалығының иесі әлімжеттік жасап, өз ырқынан тыс ұстап, жылдар бойы жұмысқа салыпты. Қолайлы сәтті пайдаланып, осыдан 2 күн бұрын жанайқайын жарияланған еді. Полицейлер видеоның авторы болған Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғынын іздеп тапты.