«Бейсен пайымындағы парасат». Бүгін Жетісу университетінде қазақ тележурналистикасының майталманы Бейсен Құранбекті еске алу кеші өтті. Кеш мақсаты — жастарға кісілік кемелдігін пайым -парасатымен танытқан тұлғаны үлгі- өнеге ету. Өмір жолынан, шығармашылығынан тағылымды мысалдар келтіріп, жас буынды адамдыққа, адалдыққа, ұлтжандылыққа баулу.