«Жаман айтпай жақсы жоқ»… Екібастұздағы апат ел аймақтарына сабақ болып тұр. Жылыту кешендері мен қазандықтар жұмысына жан-жақты бақылау күшейген. Талдықорғанда да қыс әлден қыр көрсете бастады. Алғашқы аяздар тұрғындарды бір тұқыртып алды. Қуантарлығы: жылыту маусымы ойдағыдай өтіп жатыр.