Үштөбе темір жолының бойы қайнаған тіршіліктің мекені. Бұл жерден күн сайын тонна – тонна жүк өтіп, мыңдаған жолаушы әр бағытқа сапар шегеді. Сол жүк пен жолаушылардың қауіпсіздігін күн – түн демей күзетіп, тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа жол бермеу желілік полиция қызметкерлеріне артылған зор міндет.