Бізге мектеп пен балабақша керек. Талғар ауданы Бесағаш ауылындағын «Нұрия» көпқабатты тұрғын үй кешенінің тұрғындары осылай деп талап қойып отыр. Үйді елге үлестірерде құрлысшы «Time Group Construction» компаниясының өкілдері бас жобаны көрсетіп, болашақта әлеуметтік нысандар салынады деп сөз берген. Ал бүгін бастапқы жоба мүлде өзгеріп елдің сенімі селге кетіп отыр.