Топырақты ұрпақтарымызға сақтайық. Алматыда дүниежүзілік жер күніне орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сондай – ақ, бұл семинар биология ғылымдарының докторы, профессор Фарида Қозыбаеваның 80 жылдығына арналып отыр. Ғылыми іс-шарада талқылаудың негізгі тақырыбы қазіргі Топырақтану мәселелері және оның даму перспективалары болды.