Талдықорғандағы 4 шағын аудандағы бірнеше көпқабатты үй тұрғындары жылу жеткіліксіздігіне шағымданды. Жылымшы батареяларын көрсетіп, коммуналдық сала мамандары назар аударса деген өтініш айтуда. Ал, олар өз кезегінде жылу жеткіліксіздігіне – үй ішіндегі жылу жүйесінің тозған құбырлары себеп деп отыр.