Алматы облысында ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні кең көлемде аталды. Қонаев қаласындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, облыс әкімі М.Сұлтанғазиев әр сала бойынша жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ сала ардагерлері мен шаруашлықтардың дамуына үлес қосып жүрген аудан қызметкерлерін марапаттады.