Бюджетті жоспарлау өңір халқының нақты қажеттіліктерінен туындауы қажет. Бұл туралы Алматы облысының әкімі мәслихаттың кезекті 31-ші отырысында айтты. Онда өңірдің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Сонымен қатар 2022 жылға арналған қаржының игерілу көрсеткіші, облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы трансферттердің көлемі де талқыланды.