Талдықорғанда Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға арналған монумент қойылады. Мұнымен қоса, 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жетісулықтар енді медициналық ұйымдарда кезексіз ем қабылдай алады. Оларға 200 мың теңге бір реттік төлем беріліп, сауықтыру орталықтарына жіберіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев желтоқсаншылармен кездесуінде айтты.