Бір түндік шаттық үшін, шыршаны отамауға шақырады. Желтоқсанның соңғы онкүндігі орманшылар үшін мазасыз кезең. Жасыл желекті шыршаларды қорғау қызметі күшейе түседі. Жаңа жыл жақындаған сайын, шыршаға сұраныс зор. Тиісінше рейдтік шаралар да жиілеген.