Облыс екіге бөлінгеніне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 510 млрд теңгеге жетпек. Бұл — сала еңбеккерлерінің адал еңбек, маңдай терлерінің өтемі. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев аграрлық саладағы атқарылған жұмыстар және жоспарлармен бөлісті.