Жетісудің керемет табиғаты және ерекше ауа-райы сауықтыру орындарын дамыту үшін өте қолайлы. Осы мүмкіндікті өңірдегі медицина орталықтары тиімді қолдануы керек дейді мемлекет басшысы Жетісу жұртымен кездесуінде. Осыған орай Панфилов ауданында Жетісу туристтік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қысқы туристтік маусымның ашылу өтті. Оған республикалық туристтік агенттіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.