Жетісу облысының спорт басқармасы алқалы жиын өткізді. Бірқатар қордаланған мәселелерін талқылап, келер жылғы жұмыс жоспарын бекітті. Шара соңында аймақтағы спорттың дауына үлес қосқан атлеттермен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің дипломы және алғыс хаттарымен марапатталды, төсбелгілер тапсырылды.