Іздегенге сұраған… Жетісулық дәрігерлер десанты Текелі қарттар үйіне арнайы барып қайтты. Естеріңізде болса, облыстық аурухана мамандарынан құралған топ өткен айда шалғай малшылар қыстақтарын аралаған болатын. Бұл жолы игі үрдісті жалғастырып, мемлекет қамқорлығындағы қарт адамдарға тегін қызмет көрсетті.