Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу өңірінің ардагерлерімен кездесу өткізді. Шараға саналы ғұмырын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған азаматтар қатысты. Шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Биыл аймақ басшысының қабылдауына 80-нен астам жетісулық қария шақырылды. Олар түрлі кезеңде аймақ дамуына өлшеусіз үлесін қосқан жандар. Жиында сөз алған Бейбіт Өксікбайұлы жыл ішінде атқарылған істерге, өңірдің жеткен жетістіктеріне тоқталды.