Биыл Алматы облысының спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 2 мыңға жуық медаль иемденген. Оның 560-ы алтын. Бұл-республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жыл қорытындысы бойынша саладағы 130 үздік спортшы, жаттықтырушы мен мамандарды «Хан Тәңірі» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Оларға Марат Сұлтанғазиевтің алғыс хаты, ақшалай сыйақы мен жаңа көліктің кілті табысталды.