Қонаев қаласында жоғары технологиялық аурухана салынады

0
184

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік жеке инвестицияларды тартуды басты басымдықтардың бірі деп атап өткен. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жетекші шетелдік компаниялардың бірі «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Медицина және ғылым Академиясымен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қос тараптың өзара тиімді ынтымақтастығы арқасында Қонаев қаласында 350 орындық мамандандырылған көпсалалы жоғары технологиялық аурухана салынады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here