Жетісу футбол клубы келер жылы еліміздің премьер-лигасында ойнайды. Сонымен қатар Жетісу футзал командасына қолдау көрсетіле бермек. Бұл жайында облыстық спорт басқармасы мен жергілікті аяқдопшылардың кездесуі барысында мәлім болды. Мерекелік жиында аймақтағы футбол ойынының дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапаталды.