Еңбек еленуімен мәнді. Жетісу облысының үздік мұғалімдері марапат төрінен көрінді. Бүгін аймақ әкімінің орынбасары Рустам Әли «Жылдың үздік мұғалімі» республикалық байқауының қатысушыларымен кездесу өткізді. Салтанатты шарада ұстаздар қауымына алғыс хаттар және ақшалай сертификаттар табысталды.